Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 493/65-8 16 сәуір 2026 жыл
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы
қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық
ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын
мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi,
сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға
әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру
жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы 09 сәуірдегі № 03-40/815 ұсынысы бойынша, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 376/49-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Целиноград аудандық мәслихатының
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 493/65-8 шешіміне қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi комиссияның дербес құрамы
|
Нуртазин Аскар Айтмухамбетович |
Целиноград ауданының әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Кенжибеков Гумар Серикович |
Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Целиноград ауданының пробация қызметінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
|
|
Маймакова Айнура Азаматовна
|
«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы - кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, комиссия хатшысы; |
|
Комиссия мүшелері:
|
|
|
Абубакирова Мейргуль Альмухаметовна |
Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармаларды үйлестіру басқармасының «Ақмола облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Целиноград ауданының мансап орталығы» филиалының директоры (келісім бойынша);
|
|
Архабаева Марал Жаксылыковна |
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);
|
|
Байдильдина Жанар Еркиновна |
«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; |
|
Жангабулова Асель Кайржановна |
Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Целиноград ауданының пробация қызметінің аға инспекторы (келісім бойынша);
|
|
Ирешова Махабат Сансызбаевна |
Целиноград ауданы ішкі саясат бөлімінің «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Целиноград аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
|
|
Каратаев Турар Батыргалиевич
|
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Муратова Эльмира Нураловна
|
«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
|
|
Тайсюганова Айдана Жаксылыковна
|
Целиноград ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
|
|
Умарова Динара Сабитовна |
«Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы. |