GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
Мәслихат сессиялары
09 октября 2026
Бурабай аудандық мәслихатының XLIX (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының XLIX (кезектен тыс) сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К. Әбділова қатысты.

Сессия барысында аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының, Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыруға қатысты мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Бурабай ауданының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ерекше еңбегі мен елеулі үлесі үшін кейбір азаматтарға «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру шешімі қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Қоғамдық кеңес
10 сентября 2026
Бурабай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Бурабай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Т. Абдрахмановтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша Бурабай аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Г.А. Сүгембаева баяндама жасады.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А. Тналинова Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Мәслихат сессиялары
08 сентября 2026
Бурабай аудандық мәслихатының ХLVІІI (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХLVІІI (кезектен тыс) сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бурабай кенті мен ауылдық округтердің әкімдері және дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде: 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке, 2026-2028 жылдарға арналған Бурабай кентінің және Бурабай ауданының кейбір ауылдық округтерінің бюджеттеріне, Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізіліп, Бурабай ауданында шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін, «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер тыңдалып, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Қоғамдық кеңес
31 августа 2026
Қоғамдық бақылау: диалогтан нақты нәтижелерге дейін

Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Т. Абрахманов, хатшысы А.Ж. Абылкасова және Қоғамдық кеңес мүшесі О. Баимова Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласында өткен «Қоғамдық бақылау: құралдары, тетіктері және үздік тәжірибелер» тақырыбындағы диалог алаңына қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, облыс аудандарының Қоғамдық кеңес төрағалары мен хатшылары, мемлекеттік органдардың, мердігерлік ұйымдардың, техникалық қадағалау қызметтерінің өкілдері және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның практикалық бөлімінде қатысушылар Макинск қаласындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын - жергілікті мектеп пен Орталық саябақты аралап көрді. Нысандардағы жұмыстардың барысы мен сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы зерделеніп, тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдардың өкілдерінен тиісті түсініктемелер алынды.

Диалог алаңының негізгі бөлімі аудандық Мәдениет үйінде өтті. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы жағдайындағы Қоғамдық кеңестердің рөлі, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар қоғамдық бақылаудың тиімді құралдарына ерекше назар аударылып, облыс аудандарындағы Қоғамдық кеңестердің озық тәжірибелерімен өзара пікір алмасу жүргізілді. Мемлекеттік органдардың, прокуратура және қоғам өкілдері қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерімен бөлісті.

Іс-шара ашық пікірталаспен қорытындыланып, қатысушылар атқарылған жұмыстарды саралап, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын айқындады.

Мәслихат сессиялары
20 августа 2026
Бурабай аудандық мәслихатының XLVII сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бурабай ауданы әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, Ақмола облыстық және Бурабай аудандық мәслихаттарының депутаттары, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Сессияның бекітілген күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі А.С. Садықовтың «Оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі тыңдалды. Талқылау барысында депутаттар жергілікті атқарушы органдардың қызметі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Тиналинова Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ сессия барысында Бурабай аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібін қалыптастыру мәселесі қаралды. Күн тәртібіне енгізу ұсынылған негізгі мәселелер қатарында:

  1. «2027–2029 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»;

  2. «2027–2029 жылдарға арналған Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және Бурабай ауданының ауылдық округтері бюджеттері туралы» мәселелері бар.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сындарлы талқылау жүргізіліп, қарау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Қоғамдық кеңес
Тұрақты комиссиялар
20 августа 2026
Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.К. Джапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. «Бурабай ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен тұрғын үй қорының жылыту маусымына дайындығының барысы туралы»;
  2. «Бурабай ауданы бойынша білім беру ұйымдарында жылыту маусымын ұйымдастыру және өткізу туралы»;
  3. «Бурабай ауданындағы жолаушылар тасымалының жай-күйі мен оны дамыту перспективалары туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі туралы».

Әрбір қаралған мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараты тыңдалды. Талқылау барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы жылыту маусымына объектілердің дайындығына, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аудандағы жолаушылар тасымалының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен толық жауаптар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қаулысы қабылданып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Қоғамдық кеңес
17 августа 2026
Бурабай аудандық қоғамдық кеңесі туристік фирмалардың қызметіне мониторинг жүргізді

Бурабай аудандық қоғамдық кеңесі туристік фирмалардың қызметіне мониторинг жүргізді

Бурабай аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері Бурабай кентінің Кенесары көшесінде орналасқан туристік фирмалардың қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторингтің мақсаты – азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және туристік әрі экскурсиялық қызметтерді көрсету кезінде белгіленген талаптардың сақталуын зерделеу.
Мониторинг барысында жұмыс орындарының безендірілуіне, тұтынушылар үшін ақпараттың қолжетімділігіне, санитариялық жағдайға, қызметкерлердің арнайы киімдері мен сәйкестендіру бейдждерінің болуына, сондай-ақ төлемдерді қабылдау және растайтын құжаттарды беру тәртібіне ерекше назар аударылды.
Мониторинг нәтижесінде тексерілген туристік фирмаларда прейскуранттардың қазақ және орыс тілдерінде орналастырылғаны анықталды. Бұл ретте «ЖЕМЧУЖИНА СИНЕГОРЬЯ» ЖШС-де ғана ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Қызметкерлердің арнайы киіммен қамтамасыз етілуіне қатысты барлық туристік фирмаларда бірыңғай нысанның болмағаны анықталды. Атап айтқанда, «Мега Тур», «Турист» және «Вояж» туристік фирмаларының қызметкерлерінде арнайы киім жоқ. Сонымен қатар тексерілген барлық туристік фирмалар қызметкерлерінде сәйкестендіру бейдждері бар.
Жұмыс орындарының санитариялық жағдайы жалпы алғанда қанағаттанарлық деп бағаланды. Сонымен бірге мониторинг жүргізілген күні Кенесары көшесінде «Эко Бус», «Джип-сафари» және «Burabay RedBus» туристік фирмасының үш нүктесі жұмыс істеген. Аталған нысандарға іргелес аумақтың санитариялық жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталды.
Осыған байланысты Қоғамдық кеңес аталған туристік нысандарды осы аумақта орналастыруға негіз болатын тиісті әкімдік шешімдерінің және өзге де құжаттардың бар-жоғын анықтауды, сондай-ақ іргелес аумақтың санитариялық жағдайы мен абаттандырылуына назар аударуды қажет деп санайды.
Экскурсиялық қызметтерді көрсету кезінде чектер мен төлемді растайтын құжаттарды беру тәртібінің бұзылуы мониторинг барысында анықталған жоқ.
Мониторинг қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес туристік фирмалардың басшыларына тұтынушылар үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өзекті ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етуді, санитариялық талаптардың сақталуына назар аударуды, қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз етуді, қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды күшейтуді және анықталған кемшіліктердің қайталануына жол бермеуді ұсынды.
Мұндай мониторингтер азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және Бурабай ауданындағы туристік инфрақұрылым нысандарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

10 августа 2026
Жас мамандарды конкурссыз мемлекеттік қызметке қабылдау туралы

Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Негізгі шарттары:

1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;

2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;

3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;

4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;

Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:

1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;

2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;

3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;

4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

Мәслихат сессиялары
30 июня 2026
Бурабай аудандық мәслихатының XLVI (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бүгін .

Сессияға Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ержан Әбдалыұлы Халбаев, аудандық мәслихат депутаттары және дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аудандық комиссия құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

23 июня 2026
Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

2013 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентiнің Жарлығымен 23 маусым күні Мемлекеттік қызметші күні болып жарияланды.

Атаулы мереке қарсаңында, мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам еңбек өтілі бар Мажкеев Жасұлан Сүлейманұлын ерекше атап өткіміз келеді.

Ақмола облысының Бұланды ауданының Мат ауылының тумасы – Жасұлан Сүлейманұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы Бурабай аудандық мәслихат аппаратының бас маманы болып бастап, тиянақтылығы мен еңбекқорлығы арқасында бүгінгі таңда Бурабай аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметіне дейін көтерілді.

Сонымен қатар, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. 2020 жылдан бері Бурабай аудандық сайлау комиссиясының мүшесі, сайлау науқандарын өткізілуін ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін Ақмола облыстық сайлау комиссиясы төрағасының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Мемлекеттік қызметші ретінде өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтықсыз қызмет етуде.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Жасұлан Сүлейманұлы мемлекеттік қызметтегі өз міндеттерін үздік орындауымен өз ұжымында және әріптестері арасында үлгі тұтар, беделді мемлекеттік қызметші болып танылады және өзіне артылған сенімді істі жауапкершілікпен атқарып келеді. Адал еңбегі үшін 2014 жылы мемлекеттік қызметші күніне орай Бурабай ауданы әкімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен және 2025 жылы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен  марапатталған.

Жасұлан Сүлейманұлы мемлекеттік қызметтегі мінсіз қызметіне алғыс білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыстар, зор денсаулық, еліміздің көркеюі мен дамуына үлес қосудағы жұмысында үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

 

Бурабай аудандық мәслихатының аппараты

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы