«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына және «Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2022 жылғы 16 мамырдағы № 9/57, "Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы" 2022 жылғы 26 тамыздағы № 33/66 Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулыларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссиялары құрамында бос орындар туралы хабарлайды:
Бурабай аудандық сайлау комиссиясы: 1;
учаскелік сайлау комиссиялары: № 314-1, № 315-1, № 321-1, № 323-1, № 324-1, № 327-1, № 333-1, № 334-3, № 338-2, № 344-1, № 347-1, № 368-1, 371-2, № 373-1.
Аталған сайлау комиссияларына үміткерлер бойынша ұсыныстарыңызды енгізуіңізді сұраймыз.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 27 тамыздан бастап 12 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер мен кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерінің нысандары мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 12 қыркүйекке дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32/13.
Жауапты тұлға: Мажкеев Жасулан Сүлейманұлы, тел.: 8 (71636) 2-24-48, mas010107@mail.ru.
Бурабай аудандық мәслихат