Сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің әкімшілік-аумақтық бірліктен көшіп кетуіне байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында сайлау үшін келесі сайлау комиссияларына үміткерлер бойынша ұсыныстарыңызды енгізуіңізді сұраймыз:
учаскелік сайлау комиссиялары: № 367, 374.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылғы 02 тамыздан бастап 16 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер мен кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерінің нысандары мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 16 тамызға дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32/13.
Жауапты тұлға: Падалко Екатерина Александровна, № 13 каб., тел.: 8 (71636) 7-91-04, mas010107@mail.ru.
Бурабай аудандық мәслихат