LХ (кезектен тыс) сессия


2026 жылғы 13 ақпан                                                          8С-40

 

Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының
LХ (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының LХ (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1.«Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы»;
2.«Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/13 «2026-2028 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
3.«Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
4.«Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
5.«Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 8С-31/3 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Бурабай
аудандық мәслихатының төрағасы М. Нұрпанова

Дата публикации
14 февраля 2026