2025 жылғы 05 желтоқсан 8С-38
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының
ХХXVІІІ (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХХXVІІІ (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «2026 жылға арналған Бурабай ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-12/1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/9 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/12 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/14 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/15 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Кенесары ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/17 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/18 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу»;
- Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 8С-31/3 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
- «Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы».
Бурабай аудандық мәслихатының
төрағасы М. Нұрпанова