2025 жылғы 29 қазан 8С-36
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының
ХХXVІ (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХХXVІ (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;
- «Бурабай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/9 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/10 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Абылайхан ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/11 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/12 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/13 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Златополье ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/14 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/15 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Кенесары ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/16 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/18 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы».
Бурабай аудандық мәслихатының
төрағасы М. Нұрпанова