ХХХІV сессия

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХХХІV сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының ХХХІV сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Аудан әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есеп беруі туралы»;
  2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-26/1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  3. «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/9 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  4. «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/18 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  5. «Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы»;
  6. «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 8С-31/3 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  7. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  8. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы».
Дата публикации
29 августа 2025