2025 жылғы 11 шілде 8С-33
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының
ХХXІІІ (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХХXІІІ (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-26/1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/8 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданы Щучинск қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-26/17 «2025-2027 жылдарға арналған Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы»;
- «2025 жылға арналған Бурабай ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы № 8С-4/6 «Бурабай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қазандағы № 8С-9/6 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Бурабай аудандық мәслихатының
төрағасы М. Нұрпанова