2024 жылға арналған Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы есеп

Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамытуда Бурабай ауданының қоғамдық кеңесі маңызды рөл атқарады.

Қоғамдық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже негізінде бекітілген Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені, ҚР Конституциясын, конституциялық заңдарды және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына 14 адам кірді, оның ішінде: 7 ер адам және 7 әйел.

Отырыстар жоспарға сәйкес өткізіледі, Фейсбук, Instagram желілерінде әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ аудандық мәслихаттың сайтында жарияланады. Қазкеңес порталында Бурабай ауданы бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы енгізілген және  Жаңалықтар бөлімінде ҚК жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ақпарат жарияланады.

Жыл бойы 10 отырыс өткізілді, оларда 37 мәселе қаралды: оның ішінде - 16 – жергілікті атқарушы және өкілді органның НҚА жобалары, 21 – қоғамдық отырыстар, онда мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларының есептері тыңдалды.

ҚК мүшелері бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағаны реттеудің мониторингтік тобына, тұрғын үй комиссиясына, жер комиссиясына, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға, ауданның іскер әйелдер кеңесіне, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінде "кедергісіз орта" құру жөніндегі бейімдеу іс-шараларын аудандық қоғамдық бақылау тобына қатысады мәдениет және спорт объектілерін қоса алғанда, ҚК мүшелері білім беру ұйымдары басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау үшін комиссия құрамына енгізілді.

Қоғамдық кеңес жанынан 3 адамнан тұратын сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл комитеті құрылды. Ауданның Қоғамдық кеңесі "Авиценна-Бурабай" ЖШС бойынша, Бурабай ауданының тұрғындарына қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту туралы, Ақмола облысы Ақсу кентінде тұратын өтініш беруші Вингертер Григорий Христьяновичтің өтініші бойынша да проблемалық мәселелер жөнінде қоғамдық мониторинг жүргізді.

Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысты, аудандық деңгейдегі барлық қоғамдық-маңызды іс-шараларға, онлайн өткізілетін республикалық семинарлар мен кеңестерге қатысты.

Ауданның қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы барлық ақпарат аудандық мәслихаттың ресми интернет - ресурсында Қоғамдық кеңес айдарында тұрақты орналастырылады, сондай-ақ әлеуметтік желілерде көрініс табады.

Дата публикации
18 февраля 2025