ХХV (кезектен тыс) сессиясы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХХV (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы»;
  2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-12/1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  3. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/14 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  4. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қазандағы № 8С-9/6 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

 

Дата публикации
06 декабря 2024