Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының
ХХІV (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХХІV (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы»;
- «2025 жылға арналған Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
- «2025-2029 жылдарға арналған Бурабай ауданының ауылдық округтері бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/13 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/15 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Абылайхан ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/16 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/17 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/18 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Златополье ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/19 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/20 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Кенесары ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/21 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/22 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/23 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Бурабай аудандық мәслихатының
төрағасы М. Нұрпанова