«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Бурабай аудандық мәслихат аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.10.2024 - 31.10.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.11.2024- 03.11.2024 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.11.2024- 08.11.2024
Сұхбат: 13.11.2024
Анықтама телефоны: 87163679104
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің депутаттық корпус және тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманының лауазымдық нұсқаулығы, E-4 санаты.
Функционалдық міндеттері:
Аудандық мәслихаттың ауданның әкімшілік-құқықтық органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Сессия шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының және аудандық мәслихат төрағасы өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін заңдық-құқықтық қамтамасыз ету.
Аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын мемлекеттік тіркеу үшін дайындау және аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақытылы жолдау.
Мемлекеттік тіркеуден өткен, күші жойылды деп танылған шешімдердің нормативтік құқықтық актілерінің электрондық-бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етеді.
Тіркелген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тоқсандық және жартыжылдық есептерді Ақмола облысының Әділет департаментіне уақытылы жолдайды.
Аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру сәттерін әзірлейді және жүзеге асырады, сессиялар бойынша материалдар (жобалар, баяндамалар, қосымша баяндамалар, шешімдер) дайындайды. Бурабай аудандық мәслихаты жанындағы тұрақты комиссиялардың қызметіне әдістемелік басшылықты және үйлестіруді, хаттамаларды жүргізу және ресімдеуді, оларға Комиссия төрағасының қол қоюын жүзеге асырады.
Депутаттардан келіп түскен ұсыныстар негізінде экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, оларды мәслихат төрағасына келісуге және тұрақты комиссияның бекітуіне ұсынады.
Бурабай аудандық мәслихат жанындағы бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелеріне сөз сөйлеу үшін материалдар дайындайды.
Тіркелген нормативтік құқықтық актілер журналын, барлық нормативтік құқықтық актілерді тіркеу журналын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің электрондық базасын жүргізеді.
Ашық НҚА порталында жұмыс істеу үшін, аудандық мәслихаттың шешімдеріне қол қою үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны дайындауға өтінім береді, олардың қолданылу мерзімдерін бақылайды.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталымен жұмыс істейді.
Мемлекеттік органдардың интернет порталымен (МОИП) жұмыс істейді.
ҚР заңдарының жобаларына ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс жүргізеді.
Білімі бойынша талап:
педагогика ғылымдары немесе бизнес, басқару және құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласында білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.