Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХІХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХІХ сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Аудан әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есеп беруі туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-12/1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/13 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/14 «2024-2026 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Ақмола облысы Бурабай ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы»;
- «Бурабай ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы»;
- «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы».