XVI (кезектен тыс) сессия

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХVI (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы»;
  2. «Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 8С-10/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  3. Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 08 тамыздағы № 8С-3/7 «Бурабай аудандық мәслихаты жанындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  4. «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы»;
  5. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/3 «Бурабай аудандық мәслихаттағы «AMANAT» париясының фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  6. «Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1/5 «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары мен жеке құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

 

Бурабай аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       М. Нұрпанова

Дата публикации
06 мая 2024