2024 жылғы 31 наурызда өткен Бурабай аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Бурабай аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне - 3286 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1851 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 35 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№ 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бурабай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындысы белгіленді:

Қайыргелдина Саягүл Айдарқызы үшін сайлаушылардың - 1231 дауысы берілді,

Мусин Серікбай Бөкенұлы үшін сайлаушылардың - 247 дауысы берілді.

Черепанов Вячеслав Петрович үшін сайлаушылардың - 244 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 60;

Сайлау қорытындысымен № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бурабай аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Қайыргелдина Саягүл Айдарқызы, 1973 жылы туған,  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту» ШЖК РМК ҒЗИ  директоры.

 

Бурабай аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
01 апреля 2024