20 қазан 2023 жыл 8С-9
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ІХ (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ІХ (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 «Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 8С-2/3 «Бурабай ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;
- «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы»;
- «Бурабай ауданын басқару схемасын бекіту туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-34/15 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
- «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы».
Аудандық мәслихаттың төрағасы М.Нұрпанова