«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағы мен 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Щучинск қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1)Заречный 1 линия шағын ауданы Абай көшесіне;
2) Октябрьская көшесін Еркін Әуелбеков көшесіне;
3) Коммунистическая көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
4) Трудовая көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;
5) С. Разин көшесін Балуан Шолақ көшесіне;
6) Пугачев көшесін Марфуға Бектемірова көшесіне;
7) Едомский көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
8) Абай Құнанбаев көшесін Қылшақты көшесіне.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |