Бурабай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін, салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, «Салық            және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510, 531-баптарына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бурабай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Бурабай ауданының жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің 4, 5-қосымшаларына сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
  3. Бурабай ауданының тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылыс жайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері осы шешімнің 6, 7-қосымшаларына сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы шешімнің 1-тармағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

приложение
Дата публикации
21 ноября 2022