Бурабай аудандық мәслихатының
шешіміне
1-қосымша
Бурабай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 қазандағы
№ 6С-67/8 шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындар
Бурабай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Бурабай аудандық мәслихатының
шешіміне
2-қосымша
Бурабай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 қазандағы
№ 6С-67/8 шешіміне
2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) Щучинск қаласының Абылайхан көшесінде орналасқан орталық қалалық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;
2) Щучинск қаласының Едомский көшесінде орналасқан алаң, шекті толу нормасы 30 адам;
3) Щучинск қаласында бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Щучинск қаласының Абылайхан көшесі Торғай көшесінің қиылысынан Бәйтерек көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
4) Бурабай кентінің Кенесары көшесінде орналасқан орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
5) Бурабай кентінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: 4 желіден Алимусин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
6) Қызылағаш ауылының Мектеп көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
7) Абылайхан ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Мектеп көшесіндегі Қызылағаш орталық алаңынан мешітке дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
8) Веденовка ауылының Октябрьская көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
9) Веденов ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Веденовка ауылының орталық алаңынан Октябрьская көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияға дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
10) Златополье ауылының Центральная көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
11) Златополье ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру маршруты: Златополье ауылының орталық алаңынан Центральная көшесі бойынша «Қазпошта» Акционерлік қоғамы бөлімшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
12) Цой көшесінде орналасқан Зеленый Бор ауылының Мәдениет үйінің алдындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
13) Зеленобор ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Зеленый Бор ауылының Мәдениет үйінен Цой көшесіндегі спорт кешеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
14) Қатаркөл ауылының Ленин көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
15) Қатаркөл ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру маршруты: Қатаркөл ауылының орталық алаңынан Ленин көшесі бойынша «Пингвин» дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
16) Ташенев көшесінде орналасқан Кенесары ауылының орталық алаңы, шекті толымдылық нормасы 50 адам;
17) Кенесары ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Кенесары ауылының орталық алаңынан Тәшенев көшесі бойынша «Дастархан» дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
18) Школьная көшесінде орналасқан Атамекен ауылының орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
19) Атамекен ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Атамекен ауылының орталық алаңынан Школьная көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияға дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
20) Ленин көшесінде орналасқан Ұрымқай ауылының орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
21) Ұрымқай ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Ұрымқай ауылының орталық алаңынан Ленин көшесі бойынша «Камилла» дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам.
22) Мир көшесінде орналасқан Успеноюрьевка ауылының орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
23) Успеноюрьев ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Успеноюрьевка ауылының орталық алаңынан Мир көшесі бойынша орта мектепке дейін, шекті толу нормасы 30 адам.
Бурабай аудандық мәслихатының
шешіміне
3-қосымша
Бурабай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 қазандағы
№ 6С-67/8 шешіміне
3-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың
шекаралары
Бурабай ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарының шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.