«Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 7С-17/5 «2022-2024 жылдарға арналған Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бурабай аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 7С-17/5 «Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 54054,0  мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 15100,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 37954,0 мың теңге;

2) шығындар – 57739,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  0 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:

«3-1. Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын».

  1. Бурабай аудандық мәслихаттың көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                     М. Нұрпанова

 

 

проект решения
Дата публикации
13 мая 2022