2022-2024 жылдарға арналған Бурабай ауданы Златополье ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-7)-тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Бурабай ауданы Златополье ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49369,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 9000,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 40369,0 мың теңге;

2) шығындар – 49369,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер –  0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              -0,0 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған ауылдық бюджетте 26013,0 мың теңге сомасында аудандық бюджеттен берілетін субвенция қарастырылғаны ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған ауылдық бюджеттің түсімдерінің құрамында жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттер 4 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
  3. Осы шешiм 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                     М. Нұрпанова

Дата публикации
27 декабря 2021