Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат хатшысы                                                       М. Нұрпанова

 

Бурабай аудандық мәслихатының

2021 жылғы __________ № ____

шешіміне

1-қосымша

  

Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
  2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, органдары құрылып, жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында тұратын тұрғындар (жергілікті қоғамдастық мүшелер) жиынтығы;

2) бөлек жиын – ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) тікелей қатысуы.

 

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі болған кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізуге жол беріледі.

Бурабай ауданының әкімі қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне бөлек жиын өткізудің қажеттілігі туралы хабарлайды.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен жиындар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
  2. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде жеке және көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көп пәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылмас бұрын тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындары тіркеледі.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшысы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Бурабай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ең көп дауыс берген кандидаттар сайланған болып есептеледі.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

 

Бурабай аудандық мәслихатының

2021 жылғы ___________ № ___

шешіміне

2-қосымша

 

Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

 

№

р/с

Бурабай

ауданының елді мекенінің

атауы

Бурабай ауданының елді мекендері

аумағындағы жергілікті қоғамдастық

жиынына қатысу үшін ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі

тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің

саны (адам)

Щучинск қаласы

1.      

Щучинск қаласы

55

Бурабай кенті

2.      

Бурабай кенті

15

Абылайхан ауылдық округі

3.      

Қызылағаш ауылы

5

4.      

Ақылбай ауылы

4

5.      

Қарабауыр ауылы

2

6.      

Озерное ауылы

2

Атамекен ауылдық округі

7.      

Атамекен ауылы

5

8.      

Жасыл ауылы

4

9.      

Қаражар ауылы

3

10.                        

Шиелі ауылы

2

11.                        

Жаңажол ауылы

2

12.                        

Жарқайың ауылы

1

Веденов ауылдық округі

13.                        

Веденов ауылы

5

14.                        

Қарабұлақ ауылы

4

Зеленобор ауылдық округі

15.                        

Зеленый бор ауылы

10

16.                        

Мәдениет ауылы

4

17.                        

Қымызынай ауылы

3

18.                        

Молбаза ауылы

2

19.                        

Жаңаталап ауылы

2

20.                        

Наурызбай батыр ауылы

5

Златополье ауылдық округі

21.                        

Златополье ауылы

5

22.                        

Обалы ауылы

4

23.                        

Савинка ауылы

3

24.                        

Түлкілі ауылы

2

25.                        

Лесной хутор ауылы

1

26.                        

Сотниковка ауылы

1

27.                        

Новоандреевка ауылы

1

Қатаркөл ауылдық округі

28.                        

Қатаркөл ауылы

5

29.                        

Сосновка ауылы

2

30.                        

Ключевое ауылы

1

31.                        

Вишневое ауылы

1

Кенесары ауылдық округі

32.                        

Кенесары ауылы

5

33.                        

Баянбай ауылы

4

34.                        

Брусиловка ауылы

2

Успеноюрьев ауылдық округі

35.                        

Успеноюрьевка ауылы

5

36.                        

Николаевка ауылы

3

37.                        

Райгородок ауылы

2

38.                        

Үлгіалған ауылы

1

39.                        

Қарағай ауылы

1

40.                        

Клинцы ауылы

1

Ұрымқай ауылдық округі

41.                        

Ұрымқай ауылы

5

42.                        

Қарашілік ауылы

4

43.                        

Дмитриевка ауылы

4

44.                        

Көрнекті ауылы

2

45.                        

Кіндікқарағай ауылы

2

46.                        

Красный Кордон ауылы

2

47.                        

Күлстан ауылы

1

48.                        

Ынталы ауылы

1

       

 

проект решения
Дата публикации
09 ноября 2021