Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510, 531-баптарына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемалары) осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Щучинск қаласының, Бурабай ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің 4, 5- қосымшаларына сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
- Щучинск қаласының, Бурабай ауданының елді мекендерінің тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері осы шешімнің 6, 7-қосымшаларына сәйкес арттырылсын (азайтылсын).
- Осы шешімнің 8-қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы шешімнің 1-тармағын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.