Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8269 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

11-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

«6) отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, өтініш бойынша, табысы есепке алынбай, жылына бір рет:

стационар жағдайында арнайы емдеуден өтіп жатқан әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (қатерлі ісіктер) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

мүгедек бала шипажайда болу кезеңінде ілесін жүру үшін мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдардың біріне шығындарының 50% өтеу».

2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

Бурабай ауданының әкімдігі

Дата публикации
26 мая 2021