"Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылғы 19 қаңтар мен 02 ақпан аралығында Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар, өтініштер қабылданатынын хабарлайды.
Сонымен қатар, Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жұмысына қатысуға ниет білдірген байқаушылар тізімін қалыптастыру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Байқаушылар тізіміне іріктеуге қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде өздерінің байқаушыларға кандидатуралары бойынша жазбаша ұсыныстарын жолдайды.
Құжаттар Бурабай аудандық мәслихат аппаратында коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жазбаша түрде, сенбі және жексенбіден басқа, күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, мына мекенжай бойынша: Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 213 кабинет, сондай-ақ электрондық мекенжайға mas010107@mail.ru, Байланыс телефондары 8 (71636) 42636; 4-24-96.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
"Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңының 10-бабына сәйкес он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын ҚР азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:
1) соттылығы болуға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.