2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының  1) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 13891610,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2869900,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15527,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 64500,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 10941683,0 мың теңге;

2) шығындар – 13835326,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 12842,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 35004,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 22162,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 56284,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 56284,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 12842,0 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              12842,0 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте 3794929,0 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін субвенция көзделгені ескерілсін.
  2. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте 385699,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлар, соның ішінде: Щучинск қаласының бюджетінен 376575,0 мың теңге, Бурабай кентінің бюджетінен 9124,0 мың теңге қарастырылғаны ескерілсін.
  3. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  4. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте 91109,0 мың теңге сомасында аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

Абылайхан ауылдық округіне 8265,0 мың теңге;

Веденов ауылдық округіне 13947,0 мың теңге;

Зеленобор ауылдық округіне 10678,0 мың теңге;

Златополье ауылдық округіне 7342,0 мың теңге;

Қатаркөл ауылдық округіне 7315,0 мың теңге;

Кенесары ауылдық округіне 9370,0 мың теңге;

Атамекен ауылдық округіне 12985,0 мың теңге;

Ұрымқай ауылдық округіне 8591,0 мың теңге;

Успеноюрьев ауылдық округіне 12616,0 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджет шығындарының құрамында Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің бюджеттеріне 5 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

Көрсетілген нысаналы трансферттер сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен анықталады.

  1. 2021 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 58000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтердің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар қарастырылсын.
  3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

 

Бурабай ауданының әкімдігі

Дата публикации
30 декабря 2020