Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХLІІI (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

2026 жылғы 29 сәуір                                                                8С-43

 

Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының

ХLІІI (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының                               ХLІІI (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы;
  4. Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қазандағы № 8С-9/6 «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Бурабай аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                        М. Нұрпанова

Дата публикации
05 мая 2026