"Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/12 «2024-2026 жылдарға арналған Қараөзек ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 27.03.2024 жылғы №8С-17/9 шешімі

Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:      

  1. Бұланды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Қараөзек ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/12 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

         «1. 2024-2026 жылдарға арналған Қараөзек ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 37065,6 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер – 4926,0 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 32139,6 мың теңге;

         2) шығындар – 39765,6 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2700,0 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                2700,0 мың теңге.»;

         жоғарыда көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің                      қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешiм 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Дата публикации
08 апреля 2024