Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Алтынды ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 36913,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9759,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 27154,0 мың теңге;
2) шығындар – 49313,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12400,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12400,1 мың теңге.»;
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.