"Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-13/1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 27.03.2024 жылғы №8С-17/1 шешімі

Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:      

  1. Бұланды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-13/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы:

         1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8376727,2 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2197877,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15448,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 157954,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6005447,4 мың теңге;

2) шығындар – 9036832,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік  кредиттеу – -478,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 7321,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 7799,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 659627,0 мың теңге;

         6) бюджет  тапшылығын  қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                    659627,0 мың теңге.»;

         5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

         «5. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 40500,0 мың теңге сомасында бекітілсін.».

         жоғарыда көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің                      1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешiм 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Дата публикации
08 апреля 2024