Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ө. Жақыпбековтің «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететінін атап өтті.
Өткен жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2184 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1056 - Мемлекеттік корпорация арқылы, 616 - электрондық үкімет порталы арқылы, 499 - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы, 13 - ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы.
Қазіргі уақытта бөлім халықты әлеуметтік қорғау саласында 14 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: мүгедектігі бар адамдарды оңалту мәселелері бойынша - 8 мемлекеттік қызмет, еңбек иммигранттарға рұқсат беру және ұзарту бойынша - 1 қызмет, әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша - 5 қызмет.
Жұмыспен қамту бөлімі сапа көрсеткіштерін жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде белгілі бір жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2023 жылы 2 дөңгелек үстел, 2 тікелей эфир өткізілді, аудандық «BULANDY AQPARAT» газетінде 7 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 38 материал орналастырылды, сондай-ақ 1 адамға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Бұдан шығатыны, «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді орындауға жүйелі және жауапкершілікпен қарайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
2) Мүмкіндіктері шектеулі адамдар мемлекеттік қызметтерді алған кезде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынуға;
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңның көрінуіне жол бермеуге;
5) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедек адамдармен қарым-қатынас дағдыларына үйретуге;
6) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға.