Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.М. Қабдуловтың «Бұланды ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын енгізу және жүзеге асыру» туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 2023 жыл кезеңінде Бұланды ауданы ауылдарының әлеуметтік - экономикалық дамуын айқындау үшін ауылдық округтерде скринингтер өткізгенін атап өтті, өйткені «Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты - ауыл халқының табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 8 өтінім келіп түсті. Барлық өтінімдерді жұмыс тобы қарады және «Көкше» ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативіне жолдады.
Бұланды бойынша 2023 жылы жалпы сомасы 71 млн. 315 мың теңгеге 13 шағын несие бөлінді. Несиелер техниканы, ірі қара мен ұсақ малды сатып алуға, асхана мен мейрамхананы ұйымдастыруға арналған негізгі құралдарды сатып алуға пайдаланылды. Алынған барлық несиелер мақсатты түрде пайдаланылды.
2024 жылдың басынан бастап кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын несиелеу қағидалары бойынша тұрғындар мен әлеуетті қарыз алушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде несие беруге өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың мамыр айынан бастап жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ осы Бағдарламаны енгізу бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізіп, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту қажет.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығына сәйкес, халықтың табысын арттыру Бағдарламасы шеңберінде Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- ауыл халқының табысын арттыру;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылардың азаюы;
- жұмыссыздық деңгейін төмендету;
- тұрақты жұмыс орындарын құру.