"Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-50/3 «Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 15.02.2024 жылғы №8С-15/13 шешімі

Бұланды аудандық мәслихатының

2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-50/3

«Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы

терроризмге қарсы комиссия туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 12 тармағына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-50/3 «Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамынан  Балғожин Айбек Тоқтарұлы шығарылсын;

Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Бұланды ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, полиция полковнигі Қамиев Қанат Алданұлы енгізілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
11 марта 2024