"Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-32/4 «Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы-демографиялық және әйелдер істері бойынша комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 15.02.2024 жылғы №8С-15/12 шешімі

Бұланды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-32/4

«Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы

отбасы-демографиялық және әйелдер істері

бойынша комиссия құру туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 12 тармағына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бұланды ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-32/4 «Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы отбасы-демографиялық және әйелдер істері бойынша комиссия құру туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

комиссия құрамынан Балғожин Айбек Тоқтарұлы, Аяпбергенова Самал Амантайқызы шығарылсын;

комиссия құрамына «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ақмола облысы полиция Департаментінің  Бұланды ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, полиция полковнигі Қамиев Қанат Алданұлы, «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жақыпбеков Абылай Өмірбайұлы енгізілсін.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
11 марта 2024