"Бұланды ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы" 15.02.2024 жылғы №8С-15/1 БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

 

Бұланды ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
  2. Осы бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің қаулысы және Бұланды аудандық мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
11 марта 2024