Тұрақты комиссияның 25.01.2024 жылғы №4 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Вознесенка ауылдық округі әкімі Ю.Н. Сироткинаның бюджетін нақтылау жөніндегі баяндамасы назарға алынсын.
  2. 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде «Бұланды ауданының Вознесенка ауылдық округінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін басшылыққа алу қажет.
  3. Жоспарлау және орындау бюджет заңнамасына сәйкес, мемлекет Басшысының Жолдауында белгіленген басымдықтармен, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде жүзеге асырылуға тиіс.
  4. Отырыс қаулысының тапсырмаларының орындалуын бақылау депутаттық өкілеттіктер, әдеп және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Тұрақты комиссияның төрағасы                            А. Кенжеғалиев

 

Дата публикации
07 февраля 2024