Тұрақты комиссияның 25.01.2024 жылғы №3 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Макинск қаласының әкімі Молдағали Қамитұлы Кеженевтің «2024 жылға арналған Макинск қаласы бойынша жолдарды қысқы күтіп ұстау және қар шығару туралы» баяндамасын тыңдағаннан кейін Бұланды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Макинск қаласының әкімі Молдағали Камитұлы Кеженевтің «2024 жылға арналған Макинск қаласы бойынша жолдарды қысқы күтіп ұстау және қар шығару туралы» баяндамасы назарға алынсын.
  2. Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі жоспар бекітілгеннен кейін Макинск қаласы мен ауылдық округтердің әкімі осы жоспарды орындауға кіріссін және белгіленген мерзімдерге сәйкес уәкілетті органдарға уақытылы ақпарат берілсін.
  3. Макинск қаласының әкімі М.К. Кеженев «Каракас Vip» ЖК мердігерлік фирмасының жолдарды, жол жиектерін және тротуарларды қар мен мұздан тазарту, кейіннен қала шегінен шығару жөніндегі жұмысын тұрақты бақылауда ұсталсын.
  4. Макинск қаласының әкімі М.К. Кеженев Макинск қаласының аумағынан қар шығару жұмыстарын жандандырсын, арықтарды уақтылы тазарту жұмыстарын жүргізілсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Тұрақты комиссияның төрағасы

аудандық мәслихат                                                               А. Кенжеғалиев

Дата публикации
07 февраля 2024