«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ТКШ бөлімі, құрылыс бөлімі басшыларының есептерін тыңдап, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындамау, шарттарды қайта жасасу фактілері орын алғанын, жобалау-сметалық құжаттаманы орындау сапасы жөнінде мәселелер бар екенін атап өтті. Бөлімдердің жұмысында өз лауазымдық міндеттерін орындауға тиісінше қарамау фактілері орын алған жоқ.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Бұланды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ТКШ бөлімі, құрылыс бөлімі басшыларының 2023 жылғы жұмысының жеткіліксіздігін атап өту.
- Аудан әкіміне құрылыс объектілерінің сапалы аяқталуын қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы мәселені қарастыру ұсынылсын.
- Жергілікті атқарушы органдарға жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және басқа да жұмыс түрлері кезінде жұмыстың барлық түрлерін орындауды және бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.
- Мердігерден құрылыс мердігерлік шартының талаптарын орындауды және жол берілген ақауларды және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамадан ауытқуларды өтеусіз жоюды талап ету.
- Осы қаулының іске асырылу барысын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның төрағасы А. Кенжеғалиев