
Қоғамдық кеңестер – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.
Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.
Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.
Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.
Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.