GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
30 сентября 2026
Депутаттық бақылау аясында Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары аудан мектептеріне барды.

 

Депутаттық бақылау аясында Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары аудан мектептеріне барды.

Жұмыс сапары барысында білім беру ұйымдарының алдағы жылыту маусымына дайындығына, сондай-ақ балалардың тамақтануын ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Депутаттар нысандардың жылыту кезеңіне дайындығымен, тиісті инфрақұрылымның жағдайымен және қажетті қауіпсіздік талаптарының сақталуымен танысты.

Сонымен қатар мектептегі тамақтануды ұйымдастыру, көрсетілетін қызметтердің сапасы, санитариялық нормалардың сақталуы және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жеке қаралды.

Сапар қорытындысы бойынша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер айқындалып, балалардың білім алуы үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бағытындағы алдағы жұмыстар белгіленді.

 

30 сентября 2026
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары отырысының жоспарына сәйкес Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары Біржан сал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің басшысы Джанбаев С.А.-ның ақпаратын тыңдады.

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары отырысының жоспарына сәйкес Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары Біржан сал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің басшысы Джанбаев С.А.-ның ақпаратын тыңдады.

Депутаттар Мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің басшысы ұсынған ақпаратты талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, қаралған мәселелер бойынша пікір алмасты.

Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар жауапты тұлғаларға қаралған мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды және берілген өкілеттіктер шеңберінде қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді ұсынды.

30 сентября 2026
Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы Н. Қуатованың төрағалығымен аудан мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті.

Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы Н. Қуатованың төрағалығымен аудан мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

Біржан сал ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № С-29/3 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Біржан сал ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерінен босату туралы.

11 сентября 2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың ережелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар тарапынан жиі туындайтын сұрақтарға жауап беру мақсатында ақпараттық бейнероликтер әзірленді.

https://drive.google.com/drive/folders/1Ww08ks79P-W9o4Ux3bv-Y_6ArVQQ7EVJ?usp=sharing

11 сентября 2026
Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша төленетін демалыс күндері беріледі. Толығырақ ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар.

 

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қатысты  кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

__________

04 сентября 2026
Мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы аясында Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары Заурал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы аясында Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары Заурал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендерді абаттандыруға, жол инфрақұрылымының сапасына қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары талқыланды.

Тұрғындар ауыл халқының өмір сүру жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік саланы дамытуға және округтің өзекті мәселелерін шешуге қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Барлық айтылған өтініштер назарға алынып, жұмысқа қабылданды.

Депутаттар халықпен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулердің өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын табуға және тұрғындармен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

04 сентября 2026
Маслихат Біржан сал ауданы кезектен тыс XLI сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Н. Қуатованың төрағалығымен өтті.

Маслихат Біржан сал ауданы кезектен тыс XLI сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Н. Қуатованың төрағалығымен өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Б. Қасенов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, мекеме және ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Біржан сал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалу есебі туралы.
  2. Біржан сал ауданының шығып қалған орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы.
  3. «Біржан сал ауданы мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № С-21/7 «Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
  5. Біржан сал ауданы мәслихатының 2026 жылғы 20 мамырдағы № С-35/7 «Біржан сал ауданы мәлихатының кейбір шешімдеренің қолданылуын уақытша тоқтату туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға ұсынылатын негізгі сұрақтар туралы.
04 сентября 2026
Аудан мәслихатының кезекті сессиясына дайындық аясында депутаттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында депутаттар алдағы сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың басшыларын тыңдады.

 

Аудан мәслихатының кезекті сессиясына дайындық аясында депутаттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында депутаттар алдағы сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың басшыларын тыңдады.

Талқылау барысында қаралып отырған мәселелер бойынша тиісті баяндамалар мен ақпараттар ұсынылды. Депутаттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелер алды.

25 августа 2026
Мәслихат төрағасы Н. Куатова жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және мердігер ұйыммен бірлесіп, Үлгі ауылындағы су құбырының жұмысына қатысты проблемалық мәселелерді талқылады.

Мәслихат төрағасы Н. Куатова жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және мердігер ұйыммен бірлесіп, Үлгі ауылындағы су құбырының жұмысына қатысты проблемалық мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында сумен жабдықтау жүйесіндегі өзекті мәселелер, туындаған іркілістердің себептері, сондай-ақ оларды жедел шешудің ықтимал жолдары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша жауапты қызметтер мен мердігер ұйымға тиісті міндеттер жүктеліп, одан әрі атқарылатын шаралар айқындалды. Ауыл тұрғындарын тұрақты әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

 

24 августа 2026
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы