Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айында депутаттық корпус Макинка ауылдық округіне барып, тұрақты комиссияларының көшпелі бірлескен отырысын өткізді.
Бір ай ішінде депутаттық корпус және аудандық мәслихат аппараты үлкен жұмыс атқарды.
М.В.Живень бастаған жұмыс тобы Макинка ауылдық округіне барып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және басқа да мемлекеттік мекемелердің жұмыстарымен танысты.
Халық қалаулылары өз жұмыстарын дәрігерлік амбулатория ғимаратына барудан бастап, әкім аппаратының, дәрігерлік амбулаторияның және поштаның кабинеттерін аралап, мектеп және «Балдырған» балабақшасының жұмыстарымен танысты.
Мектеп директоры Т.С.Рахымжанов оқу процесі барысына тоқталып, кабинеттер мен мұражайын көрсетіп, мекеменің қызметіне тоқталды.
Депутаттар өз жұмыстарын балалар спорттық ойын алаңына барып жалғастырды.
Депутаттар нысандарды қызығушылықпен қарап, басшыларымен қызу әңгімелесті, олардың пікірлерін тыңдап, мәселелерді талқылай отырып, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Комиссия отырысының пленарлық бөлімі аудандық мәслихат хатшысы С. Ж. Шәуеновтің төрағалық етуімен клубта жалғасты.
Серік Жанатұлы жергілікті жердің жағдайын өз көзімен көруге, тұрмыстық мәселелермен танысуға, өткізіліп отырған іс-шараның негізгі міндеті екендігін атап өтті.
Ол сайлаушыларды округтегі барлық өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысуға шақырды.
Отырыс жұмысына округтің мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен мамандары, округтің жергілікті қоғамдастық мүшелері және Макинка ауылының тұрғындары, «Еңбекшілер жаршысы-Вести Еңбекшілдерья» аудандық газеті редакциясының директоры В.В. Устьянцев, Біржан сал ауданының санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мазах Жанасхан және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Депутаттар алдында өз жұмыстарының есебімен Макинка ауылдық округінің әкімі Ж.С. Көшкембаев сөйледі.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын С.Ж. Шәуенов қорытындылады.
Өз сөзінде көшпелі бірлескен отырыстың депутаттар үшін де, округ тұрғындары үшін де пайдалы екендігін, іскерлік әңгіме, өзекті мәселелер көтерілгендігін атап өтті.
Отырыста қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.