Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмысы 2021 жылға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес құрылады. Қоғамдық Кеңес құрамы 12 адам.
Біржан сал ауданының қоғамдық кеңесі 2021 жылдың 1 жартыжылдығында 6 отырыс өткізіп, келесі мәселелер тыңдалды:
- 2020 жылға Біржан сал ауданы бюджетінің орындалуы туралы;
- Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын бос жер учаскелерінің тізбесі туралы;
- «Біржан сал ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № С - 60/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;
- «Біржан сал ауданы мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы» Біржан сал ауданының Степняк қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № С-61/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг бойынша;
- Аудан әкімінің ауданның 2020 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы есебі;
- «Біржан сал ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы»;
- «Біржан сал ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;
- «Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен бағыттарын бекіту туралы»;
- «Сайлау учаскелерін құру туралы»;
- «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы».
Мамыр айында 4 мүше өз еркімен қызметінен кетті. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы конкурс өткізу және Шығып қалғандардың орнына Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін сайлау бойынша жұмыс жасады. Осылайша, Қоғамдық кеңестің сапалық құрамы өзгерді.