Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихат хатшысының С. Ж. Шауеновтің 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті депутаттар, шақырылғандар!

Өткен 2019 жыл Қазақстан үшін саяси және экономикалық оқиғаларға толы болды. Біз бейбіт биліктің орнығуының куәсі болдық. Елімізді одан әрі

жаңғыртуға және демократияландыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады.Аз қамтылған санаттағы азаматтар мен көп балалы аналарға қолдау көрсетілуде.Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Сондай-ақ, өткен жылдың наурыз айында «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының қабылданғанына 25 жыл толып, мәслихаттардың  барлық деңгейдегі қызметі базалық  негізге айналды.

Осы уақыт ішінде еліміз саяси және экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Жергілікті биліктің өкілді органдар жұмысының  үлесі зор.

Біржан сал ауданының барлық шақырылымының депутаттық корпусы өткен жылдар бойынша ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, оның экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін  шешуге атсалысты.

Өткен жылғы депутаттық қызметтерді  қорытындылай келе есепті кезең үшін аудандық мәслихат депутаттарының маңызды және нәтижелі іс атқарғандықтарын толығымен айта аламын.

Мәслихат өз қызметін бекітілген жоспар бойынша және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы, стратегиялық сипаттағы бағдарламалық құжаттарға, депутаттардың сайлаушылармен кездесу барысында ағымдағы туындаған мәселелері бойынша атқарды.Негізінен, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы әлеуметтік мәселелер болды.

 Өткен жыл ішінде аудандық мәслихатта 12 сессия өткізілді, әр түрлі мәселелер бойынша 80 шешімдері  қабылданды. Оның ішінде Біржан сал ауданының  бюджетін бекіту, орындау және нақтылау, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметі,  ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерту енгізу туралы,  ауданның бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының ережесін бекіту туралы, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру ұсыныстары және көптеген басқа да мәселелер қарастырылды.

Депутаттардың  жұмысы сессия өткізу шеңберімен шектелмейді,  олардың негізгі қызметі тұрақты комиссиялар жұмысында атқарылады.

Тұрақты комиссияларда 8 отырып өткізіліп,онда 16 сұрақтар яғни, «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тілдер туралы» Заңының орындалу барысы туралы, Біржан сал ауданының «Ветеринария» бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметі, 2018 жылы Ақмола облысы тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдылықтарының сақталмауы жайлы  аудиторлық қорытындылары қарастырылды.

Депутаттардың  жұмысындағы маңыздысы және талқылауға салынатын    ең өзекті мәселелердің бірі аудан бюджетін қарастыру туралы айта кеткеніміз жөн.

  Өткен жылы тұрақты комиссияға 5 рет аудандық  бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, бюджетті тиімді пайдалану мақсатында қаралуға ұсынылыпты.

2020-2022  жылдарға  арналған  аудандық  бюджетті қабылдау мәслихат сессиясында, оның тұрақты комиссияларымен және Қоғамдық кеңеспен бірлескен  отырыстарында талқыланды.

Комиссия отырыстары түрлі формада, яғни кездесулер, көшпелі отырыстар, мекемелерді аралау түрінде дайындалып,  жүргізілді.

Сондай ақ, Мамай ауылында көшпелі отырыс өткізіліп, «Мамай ауылы әкіміне   жүктелген функциялары мен міндеттері туралы» есебі тыңдалды.

   Мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару және жалпымемлекеттік процестерді  дамыту барысында негізі қалаушы ретінде өз үлестерін қоса білді.

Халық қалаулылары таңдаушылар бола отырып, баламалы негізде жасырын дауыс беру арқылы Степняк қаласының және Еңбекшілдер селолық округінің әкімдерін сайлады.

2019 жылғы  14 наурыз аудандық мәслихаттың депутаттарымен Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесі құрылды. Құрамында - 12 адам. Мәслихат аппаратымен Қоғамдық кеңесті қалыптастыру кезінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыс атқарылды.

Депутаттық корпус ауданның Қоғамдық кеңесімен бірлескен ынтымақтастықта  белсенді жұмыс жүргізеді. Жұмыс тәжірибесіне Қоғамдық кеңес мүшелерінің аудандық мәслихаттың сессиясына, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарына қатысу, аудандағы ерекше маңызды мәселелерді  сыңдарлы шешімдер шығару, сондай-ақ депутаттар да  Қоғамдық кеңестің отырыстарына қатыса алады.

Аудандық мәслихаттың интернет – ресурсында  Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы ақпарат тұрақты негізде орналастырылады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының негізінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты мәслихат аппаратымен  саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктер ұсыныстары негізінде жаңа комиссиялардың құрамдары  мен мүшелері сайланды.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес сессия шешімдері, құқықтық нормаға жатады және  әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланады.

Есепті кезеңде аудандық мәслихат сессияларында 17 шешім дайындалып қарастырылды. Барлық шешімдер Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік номер тізіліміне енгізілген.

Біздің мәслихаттың маңызды бағыттарының бірі – сайлаушылармен тығыз жұмыс атқару. Депутаттар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, өз округінің  мүдделерін қорғайды.

Аудандық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттары сайлаушылардың жеке мәселелері бойынша 60 қабылдау өткізді.

Тұрғындардың көптеген сұрақтары  азаматтарды қабылдау барысында шұғыл түрде шешіледі, кейбірі қосымша қарау және олар бойынша шара қолдануды талап етеді. Осы мақсатта депутаттар депутаттық сауал арқылы жұмыс жасауға көп көңіл бөледі.

Есепті кезеңде аудандық мәслихат депутаттарымен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға 30 депутаттық сауалдар жіберілді.

Аудан тұрғындарының әр түрлі тараптарымен тақырыптары кең спектрін қамтыды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, абаттандыру және т.б.

Депутаттар қоғамдық өмірден де тыс қалмайды. Халық қалаулылары ауданда өтетін қайырымдылық акциялары мен барлық қоғамдық-саяси іс- шараларға белсене қатысады. Ең басты қайырымдылық қызметі бағыттарының бірі - Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, қарт адамдармен және басқа да әлеуметтік-осал топтағы тұрғындармен жұмыс деп санайды.

Депутаттар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында түрлі міндеттерді шешуде, ой-өрістерін кеңейтуде, заңнамалық актілерді  терең оқып, зерделеуде жоспарлы оқулар мен тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасын табуда.

Өткен жылы депутаттар  асыл тұқымды мал шаруашылығы - ірі қара малдың Ангус және Герефорд дамытумен айналысатын «Kaz Beef LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау алаңын аралады.

«Kaz Beef LTD» ЖШС-нің бас зоотехнигі М.Б.Абдрасулов  депутаттарды қарсы ала отырып, компанияның жұмыс жоспары  туралы, малдарды  күту және ұстау жағдайлары туралы таныстырып өтті.

         Депутаттар күнінде аудан қызметтерінен Қазақстан Республикасының түрлі заңнамалық актілерінен түсінік алуды өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда тәжірибеге енгізді.

Аудандық мәслихат аппараты өткен жылы депутаттармен «Электрондық қызмет көрсетулер порталы электрондық үкіметтің Egov ұялы қосымшасын – mobile» мен «Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы» тақырыптарында оқулар өткізді.

Аудандық мәслихат депутаттары  жұмыстарының тағы бір бағыты- бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау болып табылады. Электронды және бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихаттың жұмыстары жайлы  аудан тұрғындарына объективті ақпараттар беру мақсатында өткен 2019 жылы 110  материал жарияланды.

 

 Құрметті депутаттар, сессия жұмысына шақырылғандар!

Сондай-ақ, бүгінгі есебімде аудандық мәслихат пен әкімдіктің  аудан аумағындағы жергілікті мемлекеттік басқаруда өзара түсіністік және әрекеттестік  жағдайда жүргізіп отырғанын атап өтуім керек.

Депутаттар міндеттерін атқарушы органмен қалыптасқан ынтымақтастықта халықтың игілігі үшін  шешуде жұмыстар атқаруда.

Бірлескен жұмыс алға қойған міндеттерді шешуде. өзінің оң нәтижесін береді. Алдағы уақытта да  біздің жұмыс осындай бағытта жалғасады деп сенім білдіремін.

 

Құрметті депутатар мен шақырылғандар!

Аудандық өкілді органның алтыншы шақырылымының өкілеттігіне де көп уақыт қалған жоқ. Біздің   міндетіміз- өзіміздің құқықтарымыз бен әлеуетті мүмкіндіктерімізді сайлауалды бағдарламаларды шешуде пайдалана отырып,аудандық мәслихаттың қызметін жетілдіруде, Біржан сал ауданының әлеуметтік - экономикалық бағытын  одан әрі  дамыту мақсатында сайлаушылар мен олардың әл-ауқатын жақсарту үшін алдымызда тұрған міндеттердің шешілуін жүзеге асырамыз деген сенімдімін.  

 Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Дата публикации
Дата обновления
Тип
Баяндама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 января 2023
Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесінің 2022 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Бағыттар
"Тұрақты комиссиялар"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы