Жыл сайын елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыру және қоғамдық бастаманы қолдау мәселелеріне көбірек көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамытуда Біржан сал ауданының қоғамдық кеңесі маңызды рөл атқарады.
2022 жылдың 6 наурызда Біржан сал ауданы мәслихатының кезекті сессиясында Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
ҚР заңнамасына сәйкес сайланған кеңестің құрамына өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін белсенді өмірлік ұстанымы, кәсіби білімі мен тәжірибесі бар 10 азамат кірді, олардың сегіз адамы азаматтық қоғамды білдіреді.
Жалпы, Қоғамдық кеңестің жұмысы аудандық мәслихатпен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Ауданның Қоғамдық кеңесін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Ағымдағы жылы кеңес құрамынан бір мүшесі (С.Ж. Шәуенов) шығарылды, оның орнына резервтік құрамнан Қоғамдық кеңестің жаңа мүшесі Н. Б. Рахимжанов енгізілді.
Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңын, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже негізінде бекітілген, Біржан сал ауданының қоғамдық кеңесі туралы ережені,Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
Қоғамдық кеңес өз жұмысын 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.
Жыл басынан Қоғамдық кеңестің 6 отырысы өткізіліп, оның ішінде 11 түрлі мәселе қаралды. Осылайша, жұмыс жоспарына сәйкес Біржан сал ауданының 2022 жылға арналған бюджетін атқару мәселесі қаралды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері және атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы есептері тыңдалды.
Жер заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын ұсыну бойынша конкурсқа шығарылатын бос жер учаскелерінің тізбесі келісілді.
Сондай-ақ мемлекеттік атқарушы және өкілді органдардың 4 нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды. Оның ішінде Біржан сал ауданында жеке оқу жоспары бойынша,мүгедек балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде жеке оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.
Жыл басынан жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне 2 мониторинг жүргізілді. Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жанынан комиссия құрылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, аудандық деңгейдегі барлық қоғамдық-маңызды іс-шараларға қатысты.
Ауданның қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы барлық ақпарат, аудандық мәслихаттың ресми интернет - ресурсында Қоғамдық кеңес айдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тұрақты орналастырылады.