«Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

 

«Біржан сал ауданы

мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына  сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:    

  1. Қоса беріліп отырған «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № С-19/2 «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі жойылсын.
  3. «Біржан сал ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңда белгіленген тәртіппен Ережені әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

 

 

Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы                           С. Шәуенов

 

 

 

Дата публикации
24 марта 2023