Біржан сал ауданы
мәслихатының
2022 жылғы 24 желтоқсандағы
№ С-24/4 шешімімен
бекітілді
Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған
жұмыс жоспары
Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, өкілетті билік органдарының жұмысын белгілейтін басқа да заң актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мәслихаттың негізгі мақсаты қоғам мүдделерін ескере отыра аудан тұрғындарының еркін білдіру, оны іске асыру шараларын айқындау және бақылау, азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және мүдделерін сақтау болып табылады.
Аудандық мәслихат атқарушы органдармен, барлық меншік түрлері, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен бірлесіп ісәрекет ету негізінде өзінің бар күшін ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етуге,экономика салаларын қолдауға және дамытуға, бюджеттік қаражаттарды тиімді және мақсатқа пайдалануға, ауданда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, депутаттық комиссиялар мен мәслихат аппараты жұмысының белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды орындауға жұмылдырылады.
Осы мақсатта 2023 жылы аудандық мәслихат сессияларында төмендегідей мәселелерді қарастыру жоспарланады:
Бірінші тоқсан
- Біржан сал ауданы мәслихат жұмысының қорытындылары туралы
Екінші тоқсан
- Біржан сал ауданының 2022 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есебі.
Үшінші тоқсан
- Аудан әкіміне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау және 2023 жылдың І жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жүзеге асыру қорытындылары туралы есебі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес).
- Бюджет және экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі.
Төртінші тоқсан
- Біржан сал ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы.
2. 2023-2025 жылдарға арналған Біржан сал ауданының Степняк қаласының, ауылдық округтері мен ауылдар бюджеттері туралы.
- Депутаттық өкілеттік, депутаттық этика және әлеуметтік даму сұрақтары бойынша тұрақты комиссияның есебі.
Ұйымдастыру іс-шаралары
- Аудандық мәслихат депутаттарымен Қазақстан Республикасындағы заңнамаларының өзгерістері туралы семинарлар мен оқулар өткізу.
- Депутаттар үдайы өздерінің сайлаушыларымен байланыста болып оларға өздерінің және мәслихаттың жұмысы туралы жүйелі ақпарат бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
- қоғамдық пікірлерді ескере отырып, атқарушы органдарға сұрақтары және ұсынымдарын жеткізу;
- активтерге, ауыл, селолық жиындарға қатысу;
- аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға қатысу;
- сайлаушылар алдында өздерінің қызметі жайлы (жылына бір рет) есеп беріп, басылымдық есептер беруді ұйымдастыру;
- белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары сессияларды дайындауға және сессия жұмыстарына белсенді қатысып, аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуына жүйелі бақылау орнатсын.