GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
08 октября 2026
Сегізінші сайланған Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 12 қазанда сағат 10.00-де ZOOM режимінде өтеді.

Сегізінші сайланған Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 12 қазанда сағат 10.00-де ZOOM режимінде өтеді.

05 октября 2026
Құрметті ұстаздар! Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз – тек білім берумен шектелмейді. Бұл – үлкен жауапкершілікті, сабырлылықты және жүрек жылуын талап ететін күнделікті қажырлы еңбек. Сіздер балалардың қабілетін ашуға көмектесіп, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, өз күшіне деген сенімін арттырасыздар.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметін тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!

Аудан мәслихатының төрағасы                         Б. Ахметов

28 сентября 2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

2026 жылғы 28 қыркүйекте Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебін қарады.

Есепті қарау барысында есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың қорытындылары, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ басым міндеттердің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Депутаттар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, инвестиция тарту, инфрақұрылымның жай-күйі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріндегі оң динамика атап өтілді.

Есепті қарау атқарушы органдар қызметінің нәтижелерін бағалауға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

25 сентября 2026
Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы Бейімбет Майлин  ауданы мәслихатының хабарламасы

Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер

енгізу туралы Бейімбет Майлин  ауданы мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

Сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босатылуына байланысты №714, №716, №726, №732, №740.

Саяси партияларға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және жоғары тұрған сайлау комиссиясымен  2026 жылдың  09 қазанында   сағат 18.30-ға дейін, шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну ұсынылады.

Мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну:

1) электрондық және қағаз форматтағы, бағдарламалық қамту арқылы құралған, белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы мәлімет;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкес сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның жұмысына қатысуына келісім туралы кандидаттың арызы.    

Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылсын: Әйет ауылы Тәуелсіздік көшесі, 60, № 53 кабинет. Анықтамалар үшін телефондар: 3-72-29; 4-90-31.

 Бейімбет Майлин  ауданының  мәслихаты

25 сентября 2026
Округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин  ауданы мәслихатының хабарламасы

Округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин  ауданы мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

№ 6 округтік сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының мүшесін өз міндеттерінен босатылуына байланысты.

Саяси партияларға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және жоғары тұрған сайлау комиссиясымен  2026 жылдың  09 қазанында   сағат 18.30-ға дейін, шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны  ұсыну ұсынылады.

   Мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну:

1) электрондық және қағаз форматтағы, бағдарламалық қамту арқылы құралған, белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы мәлімет;

2)саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкес сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;

3)  саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4)  белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның жұмысына қатысуына келісім туралы кандидаттың арызы.    

Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылсын: Әйет ауылы Тәуелсіздік көшесі, 60, № 53 кабинет. Анықтамалар үшін телефондар: 3-72-29; 4-90-31. 

Бейімбет Майлин  ауданының  мәслихаты

23 сентября 2026
2026 жылғы 22 қыркүйекте Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі қаралды.

Талқылау барысында депутаттар аудан аумағында салық мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады.

Комиссия отырысында қабылданған қаулы мәслихат сессиясының қарауына енгізіліп, онда депутаттар заңнамада белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылдайды.

Салық мөлшерлемесін төмендету аудан кәсіпкерлері үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және шағын және орта бизнесті қолдау шараларының бірі болып табылады.

Мәслихат депутаттары кәсіпкерлердің мүдделерін ескеріп, ауданда іскерлік белсенділікті дамытуға жағдай жасауды маңызды деп санайды.

15 сентября 2026
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйек сағат 15.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйек сағат 11.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.  

10 сентября 2026
Сегізінші сайланған Бейімбета Майлина ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 22 қыркүйектегі сағат 16.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.

Сегізінші сайланған Бейімбета Майлина ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 22 қыркүйектегі  сағат 16.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.

21 июля 2026
Сегізінші сайланған Бейімбета Майлина ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 23 шілдесінде сағат 11.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.

Сегізінші сайланған Бейімбета Майлина ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 23 шілдесінде сағат 11.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.

03 июля 2026
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Астана күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерінің айқын көрінісі, еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы.

Бүгінгі таңда Астана – заманауи сәулетімен, қарқынды дамуымен және

халықаралық беделімен әлемге танылған әсем қала. Ол – бірліктің, бейбітшіліктің және болашаққа деген сенімнің символы.

Осы мерекелік күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі, Астанамыз әрдайым гүлдене берсін!

Аудан мәслихатының төрағасы                             Б. Ахметов

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы