Мәслихаттың 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9961 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тобыл кенті және Бейімбет Майлин ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары схемаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.».

көрсетілген шешіміне 1, 2-қосымшалар осы шешіміне 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешіміне 3, 4-қосымшаларға сәйкес 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
28 мая 2025