ХАТТАМА № 35

ХАТТАМА                                                                                                                № 35

 

2025  жылғы 31 наурыз                                                                                 Әйет ауылы

 

аудан мәслихатының

(сегізінші шақырылымының)

кезектен тыс сессиясы

 

Аудан мәслихатының төрайымы – А.С. Айтпаева

 

Қатысқандар: 7 депутат (тізім қоса беріледі)

Шақырылғандар:     А.А. Балан, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы

 

Төрайымының сессияның күн тәртібін бекіту туралы ұсыныс енгізді.

ШЕШІМ бірауыздан қабылданды (қоса беріледі)

 

Сессия регламенті бірауыздан бекітілді.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 73 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Баяндамашы – Дина Бегежановна Умбетова, аудан мәслихаты аппаратының басшысы

  1. Мәслихаттың 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 355 «Аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Баяндамашы  – Александра Александровна Балан, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы

  1. Мәслихаттың 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 87 «Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Баяндамашы  – Александра Александровна Балан, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссиялардың құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Баяндамашы  –   Айгуль Сабиржановна Айтпаева, аудан мәслихатының төрайымы 

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 5 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссиялардың төрағалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Баяндамашы  –   Айгуль Сабиржановна Айтпаева, аудан мәслихатының төрайымы 

 

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

Д.Б. Умбетова, шығып қалған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін сайлау үшін мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 73 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді ұсынды.

ШЕШІМ бірауыздан қабылданды.

 

2-3. ТЫҢДАЛДЫ:

А.А. Балан, ол кадрлық өзгерістерге байланысты құқық бұзушылықты алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияға және аудан әкімдігі жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі штабқа тиісті өзгерістер енгізу қажет екенін хабарлады.

 

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

А.С. Айтпаева, ол бюджет, коммуналдық шаруашылық экономикасы және кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамынан Ербол Батыргалиевич Беккалиевті, әлеуметтік сала, заңдылық, құқықтық тәртіп және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның құрамынан Айгуль Сабыржановна Айтпаеваны шығаруды ұсынды.

ШЕШІМ бірауыздан қабылданды.

 

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

А.С. Айтпаева, ол әлеуметтік сала, заңдылық, құқықтық тәртіп және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы болып Мадиева Айгуль Сейтбековна сайлауға ұсыныс енгізді.

ШЕШІМ бірауыздан қабылданды (қоса беріледі).

 

 

Аудан мәслихатының төрайымы                                   А. Айтпаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан мәслихатының сегізінші

шақырылымының депутаттары

 

 

  1. К.М. Абдрахманов
  2. А.С. Айтпаева
  3. 3. Ж.Ж. Калимова
  4. 4. Н.С. Мурзагулов
  5. 5. Е.А. Назаров
  6. 6. Н.Д. Руднева
  7. 7. Г.В. Тойганова
ХАТТАМА № 35
Дата публикации
28 мая 2025